ШУ-ҰЛЫТАУ МАРАФОНЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР СЫР БОЙЫНДА
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, арнайы жүзеге асқан «Шу-Ұлытау-Астана» марафоны кеше Қызылорда қаласына келіп жетті.
Марафоншыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Садық Мұстафаев пен «Өркениет-Қызылорда» қоғамдық қорының президенті Нұрхан Жәлиев бастаған топ күтіп алып, құрмет көрсетті.
Айтулы шара ел тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен бірлікті нығайту және бұқаралық спорттың рухани әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Негізінен, марафонның өтуіне мұрындық болған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қалалық марафоншылар клубы. Құрамында 15 адам бар. Марафоншылардың капитаны ұзақтыққа жүгіруден Азияның 6 дүркін чемпионы Марат Балтабаев. Оның айтуынша, марафоншылардың көбісі спорт шеберлері. Олар 1500 шақырымды 7 күнде жүріп өтпек.
16 тамызда Жамбыл облысының Шу ауданынан бастау алған шарада спортшыларға Қазақ хандығының символикалық байрағы, яғни Керей мен Жәнібек хан көтерген көк тудың көшірмесі табысталған. Марафоншылар байрақты Тараз, Шымкент, Түркістан қалалары арқылы алып жүріп, Қызылордаға аяқ басты. Одан әрі Жезқазған қаласы арқылы 22 тамызда Ұлытауға жеткізуді көздеп отыр. Ал 23 тамыз күні Астана қаласына табан тірейді. Сөйтіп, марафоншылар көк байрақты ҚР Президентінің мұражайына табыс етеді.