ҚЫЗЫЛОРДАДА ШАҢДЫ ДАУЫЛ БОЛАДЫ
Қазақстанның көп аумағында атмосфералық ауытқуларға байланысты күн күркіреп жауын жауады, жел күшейеді. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыста ғана күн жауынсыз, ашық.
Сондай-ақ, Атырау, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, күндіз Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с, ал Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады. Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болуы мүмкін. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қауіпсіздігін сақтау керек.