20 ТАМЫЗДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ТЕҢГЕНІҢ АЙЫРБАС БАҒАМЫ ЕРКІНДІККЕ ЖІБЕРІЛЕДІ
20 тамыздан бастап, Қазақстанда теңгенің айырбас бағамы еркіндікке жіберіледі .Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында ел Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
К.Мәсімов өз сөзінде әлемдік экономикадағы іргелі теріс өзгерістер жағдайында жаңа экономикалық саясат экономикалық өсім мен баға тұрақтылығы арасындағы балансты қамтамасыз ету үшін жаңа ақша-несие саясатын талап ететіндігін атап өтті.
«Осыған орай, ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметі 2015 жылдың 20 тамызынан бастап, инфляциялық таргеттеу режіміне, валюталық дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кірісу шешімін қабылдады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, теңгенің ауысу бағамы нарық сұранысы негізінде, және іргелі ішкі, сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып қалыптастырылатын болады.