ҚАЗАҚСТАНДА 1400 ДУАДАҚ ТАБИҒАТ АЯСЫНА ЖІБЕРІЛЕДІ
Жорға дуадақтарын қорғау халықаралық қоры 2015 жылдың 18 тамызы мен 18 қыркүйегі аралығында жорға дуадақтарының өсімін молайту орталықтарында өсірілген 1400 жорға дуадағын Қазақстан табиғаты аясына жібереді.
Мұнымен 120 құсқа қимыл-қозғалыстарын бақылау үшін арнайы спутниктік құрылғыларды бекіту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Жорға дуадақтары Бетпақдала мен Қызылқұм аймақтарынан ұшырылмақ. Аталмыш құстың көбірек қоныс аударатын жері - Қазақстан аумағы.
Бұрынырақ, 2009-2015 жылдар аралығында елімізде 5 300-ден аса жорға дуадақтары ұшырылды. Ғалымдар орнатылған спутниктік құрылғылар арқылы жіберілген құстардың қимыл-қозғалыстарын бақылай алды. Сондай-ақ, ұшырылған жорға дуадақтары Қазақстанның табиғи ортасына бейімделіп, қыстау кезеңінде өздеріне туыстас жабайы құстардың дәстүрлі бағыттарымен ұшқанын атап өткен жөн.
Жорға дуадақтардың өсімін молайту және сақтау бойынша Қазақстан мен жорға дуадақтарын қорғау халықаралық қоры арасындағы келісімшартқа сай Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында жылына 5 000 жорға дуадақтарын шығаратын Орталықтың құрылысы жалғасуда.
Ғалымдардың айтуынша, Қазақстанның табиғатына жорға дуадақтарын шығару, олардың қимыл-қозғалыстарын бақылау, Таяу және Орта Шығыс елдеріне қыстауға көшіп-қону мерзімдері мен негізгі жолдарын анықтау үшін қажет.