«НҰРЛЫ ЖОЛ»: ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІН АУЫСТЫРУҒА 3 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ
Қызылордада қаланы жылу беру маусымына дайындау жұмыстары аяқталып қалды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 3 млрд 39 млн 900 мың теңге қаржыға қаладағы 11,2 км магистральдық жылу желілерін ауыстыру жұмыстары атқарылады», - деді қалалық тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Абзал Рысбек.
Қала әкімдігінің мәліметінше, алдағы маусымда 589 көпқабатты үй мен жүздеген мекемеге жылу берілуі тиіс. Жылу беру маусымына миллиард теңгеден астам қаржы керек. Кәсіпорынның бас инженері Наурыз Сатхановтың айтуынша, кәсіпорындарды модернизациялауға салынған инвестициялар оң нәтиже беріп отыр.