ҒАРЫШКЕРЛЕР МЕН АСТРОНАВТАРДЫ БАЙҚОҢЫРДА «АҚ БОТА» ҚАРСЫ АЛДЫ
Кеше Астана уақыты бойынша сағат 15.45-те Байқоңыр ғарыш айлағының «Юбилейный» аэродромына ХҒС 45/46 экспедициясының негізгі экипажымен Ю. А. Гагарин атындағы ресейлік Ғарышкерлерді дайындау орталығының ұшағы қонды.
Негізгі экипаж құрамында «Союз ТМА-18М» кемесінің командирі, Роскосмос ғарышкері Сергей Волков, 1-бортинженер, ЕҒА астронавты Андреас Могенсен, 2-бортинженер, Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов болды.
Он бес минут аралықпен бортында қосалқы құрамдағы экипаж бар ҒДО екінші ұшағы келді, онда: Рсокосмос командир-ғарышкері Олег Скрипочка, 1-бортинженер - ЕҒА астронавты Тома Песке, 2-бортинженер-Роскосмос ғарышкері Сергей Прокопьев болды.
«Юбилейный» аэродромында ХҒС-ға кезекті ғарыш экспедициясының мүшелерін «Байқоңыр» ғарыш кешенінің басшылары, Роскосмос, Қазғарыш өкілдері қарсы алды.
Ұшу алдындағы дайындықтың соңғы кезеңіне келгендіктері туралы басшылыққа экипаж командирлері баяндағаннан кейін ғарышкерлер мен астроновтарға ақ бота кәдесыйлары табыс етілді.
Қазғарыш өкілі, «Инфракос» РМК директоры Мағауя Ажмолдаевтың біздің агенттікке айтқанындай, «Шөл кемесін» бейнелейтін кәдесый-түйе ғарышкерлердің сапарлары оң болып, Жерге аман-есен оралуы үшін арнайы әзірленген.
«Союз ТМА-18» ғарыш кемесі ұшуға дайын», - деді Ресей «Энергия» ғарыш корпорациясының бас конструкторы Сергей Романов.
Ертең негізгі, қосалқы құрамдағы экипаждар ғарыш айлағында алғашқы жаттығуға кіріседі.
«Союз ТМА-18М» кемесінің ұшырылымы 2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақытымен 10 сағат 30 минутқа жоспарланған.