19 ШІЛДЕДЕ РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АПТАП ЫСТЫҚ КҮТІЛУДЕ
Бүгін солтүстік, солтүстік батыс, орталық өңірлер атмосфералық ағындардың ықпалында болып, жер-жерлерде өткінші жауын жауады, жел күшейеді. Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Бұл туралы ІІМ ТЖК хабарлады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында жел 15-20 м/с-қа күшейіп, Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауылға ұласады. Алматы, Жамбыл, ОҚО, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, ШҚО-да, Ақмола облысының кейбір өңірлерінде аптап ыстық болады деп күтілуде. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл облысында, Алматы, Қарағанды БҚО, Қостанай, ШҚО-да өрт қаупі сақталады.