БИЫЛ МЕМЛЕКЕТ ШЕНЕУНІКТЕР ҰРЛАҒАН ҚАРЖЫНЫҢ 950 МЛН-ЫН ҚАЙТАРДЫ
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде сот жүйесін «100 нақты қадам – баршаға арналған заманауи мемлекет» ұлт жоспары аясында реформалаушаралары және республика соттарының 2015 жылдың бірінші жартысындағы жұмыс қорытындылары талқыланды.
Қазақстан президенті осы саладағы жаңа кодекстердің қолданыла бастауын және бас бостандығынан айыруды мемлекетке келген зиянның орнын толтырумен алмастыратын қамауға алуға балама шаралар мен жазаларды мейлінше кеңінен қолдануды қоса қамтитын реформалардың оң ықпалын атап өтті. Мемлекет басшысы барлық құқық бұзушылықтарды тіркеу ауыр қылмыстардың санын азайтуға септігін тигізгеніне назар аударды.
Жоғарғы сот төрағасы республикада сот төрелігін жүзеге асырудың өткен жартыжылдықтағы қорытындылары сапа көрсеткішінің тұрақтылығы мен істі қарау мерзімінің сақталып отырғанын көрсететінін айтты. Республикада шығарылған барлық сот актілерінің 98,6 пайызы заңды әрі негізді деп танылған. Елде сотталғандардың саны айтарлықтай қысқарып, ал жасалған экономикалық қылмыстар үшін мемлекетке қайтарылған қаражаттың жалпы көлемі биыл шамамен 950 миллион теңгені құраған.
Мәми Жоғарғы Сот реформаны жүзеге асыру, соның ішінде үш буынды сот жүйесіне көшу тұрғысынан рет-ретімен жүргізілетін шараларды атқарғанын айтты. Сонымен қатар судьялыққа кандидаттарға арналған жаңа біліктілік талаптарын енгізу, Жоғарғы Сотта инвестиция жөніндегі мамандандырылған алқа құру және Халықаралық консультативтік кеңес құру мәселелері де қарастырылған.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.