18 ТАМЫЗ - ШЕКАРА ӘСКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Бейбіт еліміздің тыныштығын қадағалаған шекарашыларға жүктелген міндет зор. Елбасы Жарлығымен 1992 жылдан бері аталып келе жатқан әскерилер мерекесіне биыл – 23 жыл.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде қазір «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік», «Солтүстік» және де «Жағалау күзеті» атты өңірлік басқармалар құрылған. Заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған бүгінгі шекарашының басты ұраны - ел аумағына заңсыз өткендерді анықтау және ұстау болып табылады. Жыл басынан бері мемлекеттік шекарамызды кесіп өтпек болған 11655 күдікті қолға түскен. Оның ішінде 682-сі контрабандалық тауарларды алып өтпек болған. Есірткі тасымалдаушылардың да жолын кескен қырағылар 145 факті бойынша 85 келі героин тәркілеген.
Шекарашылар 15 мың шақырым аумақта көрші елдермен шектесетін байтақ елімізді күн-түн демей қорғауда.
Шекарашылар 15 мың шақырым аумақта көрші елдермен шектесетін байтақ елімізді күн-түн демей қорғауда.