28 МЕКЕМЕНІҢ 3841 ЖҰМЫСШЫСЫНА 705,6 МЛН ТЕҢГЕ ЖАЛАҚЫСЫН ӨНДІРТІП БЕРДІ
Биыл мемлекеттік еңбек инспекциясымен әр түрлі меншіктегі 164 мекемелер мен кәсіпорындар тексеріліп, нәтижесінде 215 заң бұзушылық айғақтар анықталды. Сонымен қатар инспекцияс ҚР Еңбек Кодексі талаптарының бұзылуына жол берген жауапты лауазымды және заңды тұлғаларды анықтады. Нәтижесінде 5490140 теңге мөлшерінде 43 айыппұл салынып, бүгінде 80 пайызы өндірілді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Өтеп Хасанов хабарлады.
- Басқарма әрбір жеті күн сайын облыстық, қалалық прокуратура, облыстық әкімшілік, облыстық сот актілерін орындау департаменттерімен бірлесе отыры, кәсіпорынмен мекемелердің жалақыға қарыздарыыңн өтелуі жайында мониторинг жүргізіп отырады. Сонымен қатар жыл басынан бері облыс әкімдігі дағдарысқа қарсы 9 рет штаб отырысын өткізді, - деді Ө.Хасанов.
Айта кету керек, жыл басынан бері жұмыс беруші тарапынан жалақыдан қалыптасқан қарыз үш мекемеде 125 жұмысшылар алдында 14,8 млн теңгені құрап отыр. Ал шағым бойынша инспекция облыстық прокуратурамен бірлесіп ықпал ету шара нәтижесімен 28 мекеменің 3841 жұмысшысына 705,6 млн теңге өндіртіп берді.
Шынар БЕКБАН