НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ТЕХНОПАРКІНДЕ БІРЕГЕЙ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін Назарбаев Университеті аумағында Технопарктің ресми ашылуы кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке коммерциаландыру желісі бойынша іріктелінген қазақстандық ғалымдардың жобалары таныстырылды.
Атап айтқанда, министрге кеңселік қағаздарды (тазарту ) қайта өңдеу әдісі, гидрофобты композитті материалдарды шығару, сканерлеуші зондты нанотомограф, онлайн оқыту үшін адаптивті аттестацияның технологиялары, қазақша сөздерді тануға арналған зияткерлік жүйе және басқа да жобалар көрсетілді.
«Технопарктің тұжырымдамасын Корея және Ұлыбританиядағы халықаралық серіктестерімізбен бірге әзірледік. Осында Назарбаев Университеті ғалымдары даярлаған онға тарта жоба өз жұмысын бастайды», - деді А. Сәрінжіпов технопарктегі жобалармен танысқаннан кейін.
Айта кетейік, Технопарктің аумағы 2 мың шаршы метрді қамтып отыр. Ол Назарбаев Университетінің Зияткерлік инновациялық кластерді дамыту жоспарын жүзеге асырудың жалғасы және ғылым мен бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Аталған кешеннің аумағында жаңаратын энергия көздерін зерттеуге үшін тисті ғылыми жұмыстар жүргізіледі. Ол үшін технопаркте фотоэлектрлік панельдер, гелиоколлекторлар, жел генераторлары мен жылу насостары орнатылған.
«ҚазАқпарат»