НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТIНДЕ МЕДИЦИНА МЕКТЕБI АШЫЛДЫ
Кеше Астанадағы Назарбаев Университетiнде Питтсбург Университетiмен стартегиялық әрiптестiк негізінде Медицина мектебi ашылды, деп хабарлайды BNews.
Жаңадан ашылған мектептiң деканы болып Глазго университетiнiң Медицина мектебiнiң деканы, танымал патоморфролог және биомедицина саласында жасуша адгезиясын зерттейтiн маман доктор Массимо Пинателли тағайындалды.
«Медицина мектебi елдегi әрбiр медициналық жоғарғы оқу орны үшiн үлгi болмақ. Жоғары медициналық бiлiм беру және биомедицина саласында Орталық Азия бойынша хаб құру осы жобаның мақсаты болып табылады. Инфрақұрылымды, ресурстар мен саяси тұрақтылықты қоса алғанда, аталған мақсатқа жету үшiн барлық жағдай жасалған», - дедi М.Пинателли.
Бүгiн ашылып отырған Медицина мектебi 20 студент пен 23 оқытушыны Биомедицина ғылымдары кафедрасына қабылдап үлгерген.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына өзiнiң жылсайынғы кезектi Жолдауында Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабiлеттi 50 елiнiң қатарына қосу туралы бастамасын жариялағаннан берi он жылға жуық уақыт өттi. Осы орайда, ерекше академиялық орта қалыптастыру үшiн елiмiзде халықаралық деңгейдегi беделдi университет құру идеясы сәттi іске асырылды. Қазiргi уақытта Назарбаев Университетi интеллектуалдық әлеуетiмен, қуатты материалдық-техникалық базасымен және дарынды студенттерiмен ерекшеленеді. Бүгiн бiз Медицина мектебiнің ашылуына куә болып отырмыз. Азаматтардың өмiр сүру жасын ұлғайту бағытында созылмалы аурулармен әлем елдерiмен бiрлесiп күресуге тура келедi. Бұл медициналық қызметтерді тұтыну көлемінің ұлғаюына алып келедi. Үздiк әлемдiк тәжiрибелердi енгiзу негiзінде саланың кадрлық әлеуетiн жетiлдіру және денсаулық сақтау шараларының нәтижелерiн жақсарту мақсатында министрлiк,медициналық мекемелер және Назарбаев Университеті арасында өзара байланыс орнатылған», - деген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi Алексей Цой жаңа Медицина мектебiнiң оқытушылары мен студенттерiне табыс тiледi. Шара соңында студенттер Гиппократ антын қабылдады.