СЕЙСЕНБІ КҮНІ РЕСПУБЛИКАНЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ЫСТЫҚ САҚТАЛАДЫ
18 тамыз күні Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс бөліктері атмосфералық фронттардың ықпалында болғандықтан, кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында,түнде Атыпау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.