2016 ЖЫЛДАН «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ БАРЛЫҚ САНАТТАРЫ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ЖҰМЫС ӨТІЛІ АРТТЫРЫЛАДЫ
2016 жылдан «Болашақ» стипендиясына үміткерлердің барлық санаттары үшін қажетті жұмыс өтілі арттырылады.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов мәлім етті.
«Келесі жылдан бастап үміткерлердің барлық санаттары үшін қажетті жұмыс өтілі арттырылатын болады. Бірқатар санаттарға бойынша бүгінде 1 жыл жұмыс өтілі талап етіледі. Ал келесі жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасына түсу үшін қажетті жұмыс өтілі 2 жылды құрайтын болады», - деді Ғ.Нығметов.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жылдан бері «Болашақ» стипениясына үміткерлермен сұхбаттасу өткізетін тәуелсіз эксперттік комиссия жасалған. Оның құрамына барлық орталық мемлекеттік органдардың, академиялық ортанық және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірген. Ағымдағы жылы комиссия құрамы «Бәйтерек» холдингі өкілдерімен толықтырылған. Алдағы уақытта комиссия құрамына бизнес-құрылыс мен қоғам өкілдері кіретін болады.