ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АЙНАЛЫМНАН АЛЫНҒАН ҚАРУДЫ ЖОЮ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ
Қызылордалық полицейлер азаматтардан тәркіленген, ерікті тапсырған, тауып алынған қару, оқ-дәрі және суық қаруларды айналымнан алып тастау мақсатында қару жою науқанын өткізді. Арнайы мақсаттағы техникалық комиссия құрылып, құрамына облыстық ішкі істер департаментінің тиісті сала қызметкерлері мен Қызылорда облыстық прокуратурасының өкілі қатыстырылды. 2015 жылдың ІІІ тоқсанында жойылуға жататын қаруларға жарамсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 90 бірлік қару, атап айтқанда, 69 тегіс ұңғылы қару, 18 газды травматикалық қару, 3 тегіс ұңғылы қару жойылды.
Айта кетерлік жайт, осы жылы заңсыз айналымнан алынған атыс қарулары 3-ші рет жойылып отыр. Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 171 қаруға белгіленген тәртіпке сай жою процесі жүргізілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі