ҚАЗАҚСТАН ФЕРМЕРЛЕРІ ӨЗ МАЛЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛУЫ ТИІС
Қазақстан фермерлеріне өз малы үшін жауапкершілік алуды үйрету қажет, шаруалар малдың қырылу тәуекелі мен оларға вакцина егу жайын қарастырып, мемлекетке арқа сүйемеуі тиіс. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков BNews.kz студиясындағы онлайн-конференция барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қызылорда облысында малдың жаппай қырылуына байланысты мемлекет тарапынан нақты бақылау жүргізілуде, ауру ошағы оқшауланды.
Айта кетейік, облыста аптап ыстықтан 1300-ден астам ұсақ мал құрылып қалды, карантин әлі күшінде.
«Бұл фермерлердің өз жауапкершілігіндегі шаруа. Мұны түсіну керек. Мемлекет менің малымды емдеп берсін немесе қандай да бір профилактикалық шаралар өткізуі керек деп қарап отыру – ескірген көзқарас. Мұндай түсініктен арылатын кез келді. Мал жекенің қолында, сондықтан жауапкершілікті шаруаның өзі алуы тиіс. Ал мемлекет керісінше өз көршілеріне қауіп төндіргені үшін фермерді жауапкершілікке тартуы керек. Өйткені ауру көршілерінің малына да жұғуы мүмкін. Яғни, ол өзі сияқты бизнеспен айналысып отырған кәсіпкерлерге қауіп төндіреді», - деді министр.