СЫР ЕЛІНІҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛЫ
Облыстық статистика басқармасының мәліметінше, 2015 жылдың 1 шілдесіне қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала деректер бойынша) – 758,5 мың адамды құраған. Соның ішінде қала халқы – 328,7 мың, ауыл халқы – 429,8 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне 43,3%, ауылдықтар үлесіне – 56,7% тиесілі.
2015 жылдың қаңтар-маусым айында облыста туылғандар саны 9336 адамды құрады, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 527 адамға азайды. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 26,63-тен 24,82-не азайған. 2015 жылдың қаңтар-маусым айында облыста өлім көрсеткіші 2215 адамды құрап, 94 адамға азайды (2014 жылдың қаңтар-маусым айында 2309 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,23-тен 5,89-ға азайған. Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің аурулары алады (24,7%).