ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАН 59 ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ТӘРБИЕЛЕП ШЫҒАРҒАН
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының 59 жүлдегерін, соның ішінде 17 Олимпиада чемпионын баптап шығарған. Бұл туралы бүгін Спорт күніне арналған салтанатты жиын барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Қазақ спортшылары әлемдік жарыстарда мықты қарсылас екенін дәлелдеп жүр. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының 59 жүлдегерін, соның ішінде 17 Олимпиада чемпиондарын баптап шығарды. Тағы 163 спортшымыз әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған», - деп атап өтті А.Мұхамедиұлы.
Министрдің пікірінше, бұл жетістіктер ең алдымен спортшылардың ерік-жігері және бапкерлердің мықтылығына байланысты болса, екінші жағынан республикамыздың спортқа зор көңіл бөлуінің арқасы.