АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау 2012 жылғы 5,5 млрд. теңгеден үстіміздегі жылы 8 млрд. теңгеге ұлғайды. Тиісінше, бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылық өнімдері (8,4 млрд. теңге) 4,5 пайызға өсті.
Өткен жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Агробизнес-2020» бағдарламасы ғана емес, сондай-ақ «Байқоңыр ӘКК» жүйесі бойынша да көмек алуда. Биыл күрішшілерге "Байқоңыр” агрохолдингі күрішті килограмын 50 теңгеден сатып алу арқылы қолдау көрсетуді жалғастырады. Бұл мақсатқа "КазАгроҚаржы” арқылы 2,3 млрд. теңгенің несие жүйесі ашылды. Ол арқылы қазірдің өзінде қаржыландыру жүзеге асырылуда.
Осы қаржы есебінен 42 шаруашылықтың көктемгі дала жұмыстары қаржыландырылды. Шаруашылықтардың ағымдағы шығындарымен қатар жаңа 20 қуатты комбайн сатып алынуда.
Күріш егістігінің көлемі 74 мың гектардан 81 мың гектарға артты.
Бүгінгі күні Жалағаш элеваторында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал тамыз айында тәулігіне 150 тонна күріш ақтайтын жаңа күріш ақтау зауытының қондырғыларын құрастыру басталады. Бұл қондырғылар бүгінде сатып алынған.
Сондай-ақ, элеваторға ауылшаруашылық және транспорттық техника алынып, машина-трактор паркі жаңартылды, енді өндірістік қуатын жөндеу жұмыстары басталады.