ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫН
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай компьютерлік ойын жасалып жатыр. Жоба тарихты насихаттау мақсатында қолға алынған, деп жазады kazakh-tv.kz.
Қобыланды батыр, Қорқыт ата секілді ұлы тұлғалармен қатар аңыз-ертегілердегі жалмауыз кемпір де ойында көрініс тауыпты. Қазақтың киіз үйін де жиі көруге болады. Компьютерлік ойынды жасау үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк қолдау білдіріп, 72 миллион теңге бөлген. Жоба келер жылы қолданысқа берілмек. Егер көпшіліктің көңілінен шығып жатса, онда мобильдік нұсқасы да шығарылатын болады.
Әділбек Бисенбаев, жоба авторы:
- Қазіргі жастар кітапханаға бармайды. Олар қажетті ақпаратты ғаламтордың көмегімен біліп отырады. Әсіресе компьютерлік ойындарды көп пайдаланады. Мәселен, батыста ойын өндірісін дамыту арқылы, өз мифологиясын насихаттайды. Біз де осы әдісті пайдаланып, өз тарихымызды әлемге танытпақпыз. Сондықтан әлемдік деңгейдегі өте күрделі компьютерлік ойын түрін жасауды қолға алдық. Оны тегін және ақылы негізде де ойнауға болады.