ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 14 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Қызылорда облысында биыл бірінші қыркүйекке қарай бірден 14 жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BNews.kz.
«Оның тек екеуі ғана Қызылорда қаласында ашылады, қалғаны – ауылды округтерде. Бой көтерген жаңа тоғыз ғимарат апатты мектептердің орнына тұрғызылған, осылайша аталған өңір құлаудың аз-ақ алдында тұрған ескі мектептерден біржолата құтылуды көздеп отыр. Айта кетсек, өткен жылдан бері Арал маңы мектептерінде үш ауысымды оқу атымен жоқ», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев.
2015-2016 оқу жылында облыста 298 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 133 мың оқушы білім алады. 16 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Байқоңырдың алты білім ошағы қазақстандық оқу стандартына көшпек.