ҚЫЗЫЛОРДАДА АСТЫРТЫН КІРПІШ ЗАУЫТТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда қаласында астыртын жұмыс істейтін 10 шақты кірпіш зауыты анықталды. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан нысандар облыс орталығындағы Ақсуат, Махамбетов ауылдарының маңында орналасқан. Сол сияқты «Оңтүстік» өндірістік аймағынан да заң бұзу деректері әшкере болды. Кәсіп үшін берілген жер телімдерін мақсатсыз пайдаланғандар заңсыз құм мен топырақ қазып, оларды сатып келген. Мұндай жағдай «Құмкөл» мен «Самара-Шымкент» тас жолы бойында да болыпты. Онда белгіленбеген орыннан жер қойнауын пайдаланған азаматтар ұсталды. Қазір мемлекет меншігіндегі жер телімдерін жеке мүддесіне пайдаланған тұлғалармен қадағалаушы орган өкілдері айналысып жатыр.
- Ішінара олардың кейбіреулерінде құжаттары дайындалу барысында болса, кейбіреулерінде мүлдем жоқ. Тексеру нәтижесімен әрі қарай тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады. Жалпы заңсыз кірпіш зауыттары мен карьерлердің жұмыстары тыйылатын болады, - деді Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары Елжан Әжібеков.