3D-САПАРЛАР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ АРАЛАУҒА БОЛАДЫ
«100 қадам» Ұлт жоспары аясында Қазақстан бойынша 3D-сапарларды орналастыруды қарастыратын «Қазақстан энциклопедиясы» интернет-порталы ашылады, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева, деп жазады primeminister.kz.
«Қазақстан энциклопедиясы» порталында республика бойынша 3D-сапарлар орналастырылады», - деді Ж.Құсманғалиева.
Оның айтуынша, порталда сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен мәдениеті жайлы ақпарат, анықтамалық географиялық мәліметтер жарияланады.
«Негізінен аталған портал адамдар тарапынан зор қызығушылыққа ие болады. Онда қазақстандықтар мен шетелдік туристер сайтқа кіріп, еліміз туралы қызықты ақпараттармен танысуға мүмкіндік алады», - деп нақтылады ол.
Директордың мәліметінше, энциклопедияның бірлескен авторлары еліміздің жетекші ғылыми мекемелерінің, зерттеу ұйымдарының және ЖОО-дарының үздік мамандары болмақ.
Ол жобаны әзірлеуде үздік халықаралық тәжірибе ескерілгенін айтып өтті, атап айтқанда - АҚШ-дағы туризмді ілгерілету жөніндегі ұлттық компанияның, сондай-ақ Германия мен Израильдің ұқсас ұйымдарының тәжірибесі.
Оған қоса, сарапшы мәлім еткендей, «National Digital History» порталын ашу қарастырылған, онда жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың Қазақстан тарихы жөніндегі эксклюзивті материалдары жарияланады.
«Бұдан өзге, пайдаланушыларымыздың көңілін жаулап алуға бағытталған материалды жаңаша ұсыну қызықты болмақ», - деп баса айтты ол.
Порталда көне карталарды, тиындар туралы мәліметтерді, оның ішінде - Алтын Орда хандығы заманындағы карталарды, тиындарды жариялау жоспарланған. Қазақстан аумағында археологтар тапқан артефакттар мен тарихи рәміздер туралы мәлімет ұсынылады.