РЕСЕЙДЕ МАМЫР АЙЫНДАҒЫ «ПРОТОН-М» АПАТЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Ресейлік тергеушілер үстіміздегі жылдың мамыр айында орын алған «Протон-М» зымыран-тасығышының апатына қатысты прокуратураның жиған дәйектері негізінде қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы.
Осы іске қатысы бар жауапты адамдар үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бас прокуратураның мәліметінше, зымыран-тасығыштың ұшу кезеңінде үшінші деңгейлі рөл қозғалтқышы істен шыққан. Істен шыққан қозғалтқыш Воронеж механикалық зауытында дайындалған.
Естеріңізде болса, апат 16 мамырда мексикалық спутникті орбитаға ұшыру кезінде болған еді. Ғарыштық аппарат дер кезінде зымыран-тасығыштың үшінші деңгейінен ажырамай қалған. «Протон-М» зымыран-тасығыш пен ғарыштық аппараттың сынықтары ауада толықтай жанып кеткен.
РФ вице-премьері Дмитрий Рогозин «Протон» апатының себебі ескі «конструктивті ауру», - деді.
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын, 2013 жылдың 2 шілдесінде Байқоңыр қаласынан ұшырылған үш ГЛОНАСС спутнигі тіркелген «Протон-М» ұшуының бірінші минутында-ақ штаттан тыс жағдайда жерге құлаған болатын.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА