ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРИ-ӘУЕ КҮШТЕРІНІҢ ТУЫН ҒАРЫШҚА ҰШЫРМАҚ
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің туын өзінің алғашқы ғарышқа сапарында бірге алып ұшады. Ту оның қазақстандық армиядағы ұшу мансабының бастамасы және аңсаған арманы – ғарышқа ұшуға қол жеткізгенін айқындайтын белгі болып табылады, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, қазіргі кезде Қазақстанның Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшылығы басқармасының өкілдері арқылы Әскери-әуе күштерінің туы ғарышкерге берілді.
Айдын Айымбетов 1993 жылы «ұшқыш-инженер» мамандығын алғаннан кейін ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 21751 әскери бөлімінде қызмет атқарып, МиГ-23 және Л-39 ұшуларды орындады.
2002 жылы ұшқыш Қазақстандық ғарышкерлердің жасағына енгізуге ұсынылған болатын. Ол ғарышкерлікке үміткерлер тобының құрамында даярлыққа кірісті. Үш жылдан соң «ғарышкер-сынаушы» біліктілігін алды. 2014 жылы оған «ҚР ӘӘК полковнигі» әскери атағы берілді.Алдағы «Союз ТМА-18 М» ұшу кемесінде ғарышқа ұшу ағымдағы жылы қыркүйектің басына жоспарланып отыр. Айдын Айымбетов ғарышкер Сергей Волков (Ресей ғарышы) және астронавт Андреас Могенсенмен (Еуропа ғарыш агенттігі) бірге Халықаралық ғарыш станциясына жіберіледі.