ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ (АУЫРТПАЛЫҚТАРДЫ) МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
Жүргізілген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат, не тіркеуді тоқтата тұру немесе негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (қағаз жеткізгіште) беру болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу үшін төмендегі ретте құжаттар қабылданады:
Жеке тұлғалар үшін
1. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
2. Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады).
3. Тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжат. Жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу жағдайында жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады.
4. Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) беру кезінде құқықтар (талаптарды) беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру шарты ұсынылса).
5. Бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат не алым төлеуден босатуды және жекеленген жеңілдіктер санатын растайтын құжат.
Заңды тұлға үшін
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
2. Тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжат. Жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу жағдайында жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады.
3. Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) беру кезінде құқықтар (талаптарды) беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру шарты ұсынылса).
4. Бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат не алым төлеуден босатуды және жекеленген жеңілдіктер санатын растайтын құжат.
4. Құрылтай құжаттары.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуға немесе иелiктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылар, директорлар кеңесi, акционерлер кеңесi) жиналыстарының хаттамалары (олардан үзiндi көшірмелер).
6. Шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшірмені немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi нотариат куәландырған аудармасымен бірге ұсынады.
Егер тiркеуге арналған өтiнiште сатып алынатын немесе сатылатын активтердiң жиынтық теңгерiмдiк құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген мөлшерден асып кететiні туралы мәлiметтер болса, онда көрсетілетін қызметті алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келiсiмiн ұсынады.
Тамара ШАРИПАЕВА,
Қызылорда қаласының №1 бөлімі