«ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» МЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов қол қойды.
Осы меморандумның аясында тараптар келісілген ғылыми-зерттеу жобаларын орындауды, оқулықтар, оқу құралдарын және аймақтық журналдарда ғарыш қызметінің дамуы мәселелеріне арналған жарияланымдарды шығаруды, дарынды ғалымдарға қолдау көрсету бойынша бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды, ғарыш технологияларын экономиканың түрлі салаларында қолдану бойынша оқыту семинарларын бірлесіп өткізуді жоспарлап отыр.
Болатбек Әбдірәсіловтің пікірінше, профессорлық-оқытушылық құрамының кәсібилендірудің жоғары дәрежесіне ие болып, әлемнің жетекші журналдарында жұмыстары жиі жариялаатын Академия бұл міндеттердің орындалуына көмектесе алады.
«Мембасқару академиясымен ынтымақтастық туралы келісім - бұл тек тәжірибе алмасу ғана емес, бұл сондай-ақ жас ғалымдар үшін инновациялық жүйені, дәлірек айтқанда ғарыш технологиялары саласы мен олардың Қазақстан Республикасы және шетел экономикасының барлық салаларында кеңінен қолдануын тәжірибе жүзінде меңгерудің үлкен мүмкіндігі болып табылады», - деп атап өтті Марат Нұрғожин.