БЕЙСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢБЫР ЖАУЫП, НАЙЗАҒАЙ ОЙНАЙДЫ, КЕЙ ЖЕРЛЕРДЕ БҰРШАҚ ЖАУАДЫ
Атмосфералық ағындармен байланысты циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын тигізеді, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Республиканың батысында ғана ашық күн райы сақталады.
Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және күндіз кей жерлерде тұман түседі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, Ақмола облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, желдің екпіні 15-22 м/с-қа жетеді.
Атырау, Ақтөбе, Қвызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.