ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ШЕКАРАСЫ РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев қазақстан-қырғыз шекарасын ресми түрде ашық деп жариялады.
«Қордай» (Қазақстан) және «Ақ-жол» (Қырғызстан) кеден күзеттерінде тұрған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Үкіметінің басшысы Темір Сариев Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінен шекараны ашуды сұрады.
Н.Назарбаев пен А.Атамбаев телекөпір режімінде шекараның қазақ-қырғыз учаскесінде кедендік бақылау жойылғанын ресми түрде жариялады.
«Шекараның ашылуы - екі ел үшін де тарихи оқиға. Бұл бизнесті жандандырып, сауданы жаңғыртады. Қырғызстан халқына бақыт, табыс тілеймін», - деді Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде.
Бүгін Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы Шарт күшіне енді. Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен қатар ЕАЭО-ның бесінші мүшесі атанды. ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер республиканың одаққа қосылуы туралы шартты ратификациялауды келісу үрдісін аяқтады.