«КСЕЛЛ» АБОНЕНТТЕРГЕ АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАЙТАРЫЛУЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАДЫ
«Кселл» акционерлік қоғамы – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы табыс көлемі мен абоненттік базасы бойынша жетекші оператор – Kcell брендісіндегі абоненттерге 2013 жылдың қазан айынан басталатын мерзіміндегі ақшалай қаражатты қайтарудың екінші кезеңінің басталғанын жариялайды.
Бұрын хабарланғандай, «Кселл» АҚ монополияға қарсы органның ұйғарымына сәйкес 2012 жылдың қаңтарынан бастап 2013 жылдың қыркүйегіне дейінгі тексеру мерзімінде қосылыстың (радиотелефон сұхбаты және Интернет) үзілмеуіне байланысты activ брендісіндегі абоненттерге ақшалай қаражатты қайтаруды бастаған болатын.
2015 жылдың 9 тамызынан бастап «Кселл» АҚ ерікті түрде Kcell брендісіндегі абоненттерге 2013 жылдың қазанынан бергі ақшалай қаражатты осы іспеттес қайтаруды бастады.
Қайтарым алған абоненттер осы туралы SMS таратылым арқылы қосымша мәлімделген болатын. Қазіргі уақытта Kcell брендісінің абоненттері болып табылмайтын тұлғаларға сәйкес жазбаша мәлімдемелер жолданады.
Қаражаттың осы қайтарылуы activ брендісіндегі абоненттерге қатысты болмайды, өйткені олардың дербес шоттарындағы ақшалай қаражат таусылғанда қосылыс автоматты түрде үзіледі.