ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ШЕКАРАСЫНДА КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ АЛЫП ТАСТАУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында кедендік бақылауды алып тастау салтанатына қатысады, деп хабарлайды BNews.kz.
Атап айтсақ, Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қосылуы туралы Шартқа сәйкес мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғызстан учаскесі арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауын алып тастау қарастырылған.
Жоспарланып отырғандай, қазақстандық тарапқа автокөлік құралдарының электронды есеп жүйесі, рентген, жолаушыардың жүгін тексеруге арналған телевизиялық аппараттар, көлік құралдарын сканерлеуге арналған мобильді инспекциялық-тексеру кешендері, жасырылған тыйым салынған заттарды анықтау үшін жолаушыларды сканерлеу жүйесі, стационарлық инспекциялық-тексеру кешендері, радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйелері беріледі.
ЕАЭО-ға кіру Қырғызстан үшін жаңа перспективаларға жол ашады. ЕЭК баспасөз қызметінен мәлімдегендей, тауарлар, қызмет, капитал мен жұмыс күшінің қозғалыс жолында кедергілер жойылып, жаңа инвестициялық мүмкіндіктер пайда болады.