ЭКИПАЖ ҰШЫРЫЛЫМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОРЫНДАУДАН ЕМТИХАНДЫҚ ЖАТТЫҒУДЫ СӘТТІ АЯҚТАДЫ
Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығында екі күнге созылған кешенді емтихандық жаттығу аяқталды.
ХҒС бару экспедициясының 45/46 негізгі және қайталаушы экипаждарын дайындаудың қорытынды кезеңі өтті. Ғарышкерлер мен астроновтар емтиханды ойдағыдай тапсырды, деп хабарлады Роскосмос баспасөз қызметі.
Негізгі экипаж «Союз ТМА-М» көліктік басқарылатын кемеде ұшырылым бағдарламасының элементтерін орындау бойынша емтихандық жаттығудан өтті. Сергей Волков, Андреас Моненсен мен Айдын Айымбетов оқыс жағдайларды уақтылы тауып, оларды жедел жойды. Олар алдына қойған міндетті өзара түсіністік, терең білім мен жіті дағдыларының арқасында орындап шықты, деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Құрамында Роскосмос ғарышкерлері Олег Скрипочки, Сергей Прокопьева және ЕҒА астронавты Томб Песке бар қайталаушы экипаж күні бойы ХҒС ресейлік сегментінің жаттығу құрылғысында жұмыс істеді. Олардың дәлдігі, жылдам ден қоюы, жұмылып әрекет етуі барлық оқыс жағдайларды ойдағыдай еңсеруге септігін тигізді.
Дүйсенбіде ҒДО комиссия отырысында экипаждардың жұмыс нәтижелері қаралып, олардың одан әрі дайындығы жайлы шешім қабылданады, деп хабарлады Роскосмостан.
Байқоңыр ғарыш айлағынан ХҒС-45/46/ЭП-18 экипажымен «Союз ТМА-18М» ұшыру 2015 жылғы 2 қыркүйекке көзделген. Кеме командирі Сергей Волков ХҒС-да жарты жыл жұмыс істейді деп жоспарлануда. Ал әріптестері - алғашқы даттық ғарышкер Андреас Могенсен мен қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің сапары 10 тәулікке созылады.