ВАШИНГТОНДА «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
АҚШ-тың Вашингтон қаласында «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен.
Джордж Вашингтон университетінде ұйымдастырылған тұсаукесер рәсімінде Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Қайрат Омаров, Джордж Вашингтон Университеті Орталық Азия бағдарламасының директоры Марлен Ларуель және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет университетінің бас директоры Андрей Хазбулатов қатысушыларға арналған құттықтау сөз сөйледі.
Деректі фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих ағымында» кітабының негізінде түсірілген. Фильм режиссері - Бақыт Қайырбеков, жобаның атқарушы продюсері - Андрей Хазбулатов.
«Қазақ хандығына 550 жыл» фильмі Қазақ хандығының құрылу тарихына арналған. Ол көне және орта ғасырлардағы Шығыс Азия мен Ұлы Жібек жолы, монғол шапқыншылығы мен әлемнің геосаяси бөлінуі, қазақ халқын жаулап алу тарихнамасы, Шыңғысхан мұрагерлерінің арасындағы талас, 1465 жылы алғашқы дербес Қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайды. Сонымен қатар кинофильмде Керей және Жәнібек, олардың ұлдары Қасым және Бұрындық билігі туралы жаңа деректері орын алған.
Екі бөлімнің көрсетілімі ағылшын тілінде өтті. Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
«Мен деректі фильмнің сапасы мен онда көрсетілген Қазақстан тарихына тәнті болдым. Бұл көптеген тарихи фактілерді жинауға мүмкіндік берген «Мәдени мұра» бағдарламасының жарқын қорытындысы болып табылады», - дейді Вашингтон университетінің профессоры Марлен Ларуэль.