ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АПТАП ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
Дүйсенбі, 25 тамызда республиканың басым бөлігінде бұрынғысынша күн ыстық болады, жауын-шашынсыз. Тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және орталық бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел тұрып, түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с дейін жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда, күндіз Жамбыл облыстарында да 15-20 м/с-ға дейін жел күшейеді. Күндіз Маңғыстау, түнде және таңертең Атырау облыстарында күн күркіреп, жаңбыр жауады.
Күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстік, батыс, солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық бөлігінде өртке қауіпті жағдай сақталады.