ҚАЗПОЧТА КЕҢСЕ ТАУАРЛАРЫН АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУ СЕРВИСІН ҰСЫНАДЫ
«Қазпочта» АҚ ауылдық жерлерге «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-мен бірлесіп кеңсе тауарларын жеткізу жобасын енгізгені жайлы хабарлайды.
Еліміздің барлық пошта бөлімшелерінде, соның ішінде ауылдық жерлерде, «АБДИ» компаниясының каталогтары бойынша мектеп оқушылары мен студенттер, білім беру мекемелерінде және кеңселерде жұмыс істейтін қызметкерлер кеңсе тауарларын сатып алу үшін тапсырыс бере алады.
«Енді ауыл мен аудан орталықтары тұрғындарының әлемдік өндірушілердің кеңсе тауарларын сатып алу үшін қалаға бару қажеті жоқ. Қазпочта бөлімшелеріндегі «АБДИ» каталогтары бойынша, 4000 теңгеден кем емес көлемде кеңсе жабдықтарына тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, бұл қызмет онлайн режимде www.postmarket.kz сайтында қолданысқа енгізілген. Бір айдан кейін оқу жылы басталады, ал осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақстандықтар отбасы бюджетін үнемдей алады» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов бөлісті.
Қазпочта бөлімшелеріндегі «АБДИ» каталогтары мен www.postmarket.kz сайтындағы каталогтар біркелкі және ассортименттері 200-ден астам түрлі тауарларды қамтиді. Тапсырыс беру үшін «Кеңсе Тауарлары» (канцелярские товары) тармағын таңдау керек.