ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ТЕОЛОГ МАМАНДАР ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН ӨТКІЗДІ
Қызылорда облысының ішкі істер департаменті және Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлеріне «Деструктивті жалған ағымдар мен ұйымдар қызметінің қауіптілігі, болмысы және көрінеу формасы» тақырыбында дін саласының теолог мамандарымен арнайы оқыту-түсіндіру семинар-кеңесі өткізілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, экстремизм мен терроризмге қарсы күресте полиция қызметкерлерінің діни сауатын арттыру мақсатында өткен семинарға Қызылорда қаласының Қалмуханбет ишан мешітінің бас имамы Н.Абжанов, Қызылорда стансасындағы ішкі істер желілік бөлімінің бөлімше бастығы полиция майоры С.Шаханов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Ж.Дәрібаевтар қатысып, аталған тақырыпқа қатысты баяндамалар оқыды.
Айта кетерлік жайт, департаменттің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-насихат жұмыстары үздіксіз жүргізіп келеді.