ҚАЗАҚСТАНДА МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНАНЫ ЕНГІЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы отбасылық медицина қағидаларын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін және қаржыландырудың үлгілерін енгізуді қарастырады, деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде, деп хабарлайды primeminister.kz.
Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмек көрсету саласында науқастарға отбасылық қағида бойынша қызмет көрсетуге кезең кезеңмен көшу қарастырылған.
«Алғашқы медициналық көмектің әмбебаптығы қызмет көрсетудің отбасылық қағидасына кезең кезеңімен өтудің есебінен қамтамасыз етілетін болады», - делінген «Денсаулық» бағдарламасының жобасында.
Құжатқа сәйкес қызмет көрсетудің отбасылық қағидасы ағзаның әрбір жастық кезеңдегі ерекшеліктерін ескере отырып, профилактикаға баса назар аударумен, өмір бойына адамның денсаулығына бақылау жасауды көздейді.
«Жалпы тәжірибе дәрігерлері немесе қазір жұмыс істеп жатқан учаскелік дәрігерлерден тұратын жасақталған мульти-тәртіптік командалар жүзеге асыратын болады. Әрі қарай даму үдерісінде тек емханалардың ғана емес, стационарлардың да бейінді мамандары үшін емдеу үдерісінің үйлестірушілері болады. Сонымен бірге, кадрлық жарақтандырылуы жеткілікті, халық көп қоныстанған өңірлерде терапевтік және педиатрлық учаскелерді сақтап қалу мүмкіндігі қаралатын болады», - деп түсіндірді «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжин.