КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Қызылорда облысының аудан орталықтары мен ауылдық округтерінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2015 жылғы 5-6 тамызда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» атты бірінші институционалдық реформасын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен Арал ауданының Камыстыбас ауылында және Арал, Қазалы аудан орталықтарында көшпелі кездесулер өткізілді.
Кездесулерге 150-ден астам адам – мемлекеттік қызметшілер, аудан, аудан орталықтары және ауылдық округтардың әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысымен жарияланған реформалар –әлемдік саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы тиімді және уақытылы шаралар болып табылады. Басты мақсат – әрбір қазақстандықтың өмірін жақсарту және баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекетті құру, - деп атап өтті Департаменттің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты А.Нұрмағанбетов.
Кездесу барысында реформаны жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің факторлық-баллдық шкаласын енгізу, мемлекеттік қызметшілердің нәтижеліліктерін тұрақты бағалап, бонустар төлеп отыруды енгізу, мемлекеттік аппараттың кәсібилендіру, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң әзірлеу және мемлекеттік қызметшілерге аттестаттау жүргізу сияқты басты аспектілері түсіндірілді.
Қатысушы мемлекеттік қызметшілер түсіндірмелерді ынтамен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық және түсіндірме жауаптар алды.