Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА АБАЙДЫҢ 170 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Шығыс Қазақстан облысына ресми жұмыс сапары шеңберінде Семей қаласына келіп, Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты.
Мемлекет басшысы бастама көтерген елді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған Бес институционалдық реформаны іске асыру шеңберінде ұлы ақынның, философтың және ағартушының рухани мұрасын оқып-үйренудің зор маңызы бар. Абай атындағы театрда Мемлекеттік хатшы «Адамзаттың Абайы» атты салтанатты іс-шараға қатысты, іс-шара соңынан мерекелік концерт берілді. Мерекенің құрметті қонақтары саяси және қоғам қайраткерлері, белгілі ақын-жазушылар, абайтанушы ғалымдар, ұлы ойшыл туындыларының аудармашылары болды.
Семей қаласына сапары барысында Мемлекеттік хатшы «Жұлдыз-Ардақ» жеке меншік балабақшасының жұмысымен танысты, онда заманауи инновациялық әдіс бойынша 350 бала тәрбиеленуде. Г.Әбдіқалықоваға Абай шығармаларының желісі бойынша салынған суреттер, сондай-ақ балалардың «Қара сөздерді» оқуымен ерекшеленген концерт ұсынылды.
Елдегі ірі медициналық радиологиялық кластер құрамына кірген «Өңірлік онкологиялық диспансері» ядролық медицина біреге орталығында болған кезінде Гүлшара Әбдіқалықоваға су жаңа медициналық құрал-жабдықтар көрсетіліп, өңір халқына онкологиялық көмек көрсетудің даму келешегі жайлы айтылды. Ядролық медицина орталығының жұмысы, ядролық технологияны бейбіт мақсатта пайдаланудың айқын мысалы болып табылады.
Дәл осы күні Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова 1985 жылы іргесі қаланған Семей қаласы Невзоровтар әулеті атындағы бейнелеу өнері мұражайында болды. Қазіргі таңда мұражай Қазақстандағы ең ірі көркемсурет құндылықтары жинақтарының бірі болып табылады. Мұражайдың қорларында 3600-ден астам өнер туындысы сақталып, Қазақстандағы ірі әртүрлі дәуірлердегі орыс және шетелдік көркем сурет коллекциялары жиналған. Бұдан бөлек, мұражайда Орталық Азия, Ресей, Грузия, Белоруссия елдерінің өнер туындылары қойылған.
Гүлшара Әбдіқалықова сондай-ақ 1940 жылы құрылған «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы - Абай мұражайында болды. Мұражай қорларында араб, парсы және түркі тіліндегі 500-ден астам көне кітап сақталған. 2014 жылы мұражай Халықаралық ІСОМ мұражай қоғамдастығына кірген.
Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова сапар қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.