ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
Өскемен қаласында Гүлшара Әбдіқалықова «100 нақты қадам» мәнмәтініндегі Қазақстан халқының бірегейлігі мен бірлігі» конференциясына қатысты. Бұл туралы ОКҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қазақстан халқының бірегейлігі мен бірлігі» конференциясына мемлекеттік органдар өкілдері, ғалымдар, судьялар корпусы және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. ШҚО-да конституциялық құрылыс, мемлекеттік саясатты іске асыру, патриотизм мен қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Шығыс Қазақстан облысының әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесті. ШҚО-ға жұмыс сапары аясында Г.Әбдіқалықова 2015 жылы пайдалануға енгізілген облыстық Қан орталығында болды. «ШҚО Қан орталығының заманауи автоматтандырылған жабдығы зертханалық зерттеулердің жоғары сапасына септігін тигізеді», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.