«ҚАЗМЕДИА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖАҢА БАС ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 4 тамызындағы №9-ж бұйрығы бойынша «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры қызметіне Аюпов Мирболат Хайратұлы тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
М.Х.Аюпов бұған дейін «Зерде» ҰАКҚ ақпараттық-коммуникациялық қорының басқарма төрағасы қызметін атқарды. Мәскеу инженерлік-физикалық институтының кибернетика факультетін, қолданбалы математика мамандығы бойынша және Қарағанды экономикалық университетін қаржы және кредит мамандағы бойынша тәмамдады. «Алтел» АҚ вице-президенті (2005-2007), «Транстелеком» компаниясының президенті (2009-2012), 2012 жылдан мобильді байланыс бойынша «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
«Қазмедиа орталығының» осыған дейінгі бас директоры Мейір Ғариполлаұлы Ескендіров өз қалауымен қызметінен босатылды.