ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ АЛҚА ТӨРАҒАЛАРЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Кеше Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қызылорда облысы соттарының 2015 жылдың 6 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясын облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов пен қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев жүргізді.
Журналистермен кездесу барысында алқа төрағасы Қайрат Адранов «Ұлт жоспары -100 нақты қадам» негізіндегі сот-құқықтық реформасына, сот жүйесі сатыларын оңтайландыру, судья лауазымына үміткерлерді іріктеу механизмі мен және біліктілік талаптарын күшейту, Сот төрелігі институтын Мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлу, судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, судьялардың жаңа этикалық кодексін әзірлеу мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев барлық сот процестеріне бейне және үн таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу, алқабилер соты қолданатын салаларды кеңейту туралы айтып өтті.
Апелляциялық сот алқаларының төрағалары Қызылорда облысы соттарымен ағымдағы жылдың 6 айындағы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.
Есепті кезеңде азаматтық істер бойынша аудандық және оған теңестірілген соттарының өндірісіне 10 582 талап арыз (арыз, шағым), 258 іс түскен (2014 ж. - 10 962/139, әкімшілік істер бойынша 9 780 әкімшілік іс түсіп (2014 ж. 6 айы – 8 342 іс), өткен жылмен салыстырғанда 1 438 іске немесе 14,7 пайызға көбейген. Қылмыстық іс бойынша 2015 жылдың 6 айында жергілікті соттарда 106 қылмыстық іс өткен жылдан қалдыққа қалған, 815 қылмыстық іс түсіп, 833 қылмыстық іс 930 адам бойынша аяқталған.
Айта кетерлігі, «Сот кабинеті» порталы арқылы облыс соттарына барлығы 2 627 талап арыз түскен.
«Сот медиациясы» - бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяның тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялылық, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келу қағидаттары негізінде іске асырылады. Есепті кезеңде аудандық соттармен 85 іс судья - медиаторлардың қатысуымен қаралса, 58-і судья-медиатормен бекітілген.
Ал, «Медиация туралы» заңға сай, облыс соттарында медиаторлармен 151 (аяқталған істердің 18,1%) қылмыстық іс қаралып, сотталушылар жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.
Алқа төрағалары БАҚ өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша айыппұл тағайындау тәжірибесін, бас бостандығынан айырудан жазаның бұл түрін қолданудың тиімділігіне баса назар аударып түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қаралған қылмыстық істер бойынша, 2015 жылдың 6 айында аудандық және оған теңестірілген соттарда 13 адамға қатысты 13 (1,9 %) іс аяқталған.
Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 2015 жылдың 6 айында 160 адамға қатысты 158 іс қаралған (2014ж. 6 айы – 23 адамға қатысты 20 іс). Оның ішінде бас бостандығынан айыруға - 25 адам сотталған.(2014 ж. 6 айы – 22 адам), 115 адам айыппұл жазасына, 18 адам қоғамдық жұмысқа, 2 адам шартты жазаға тартылған (2014 ж. 6 айы – 1 адам).
Кездесу соңында өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері соттарға белсенді іскерлік қатынастары және уақытылы ақпарат беретіндіктері үшін алғыстарын білдірді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі