ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4 АУДАН ОРТАЛЫҒЫ ТОЛЫҚТАЙ ГАЗДАНДЫРЫЛАДЫ
Қызылорда облысын кешенді газдандырудың І-кезеңінде 21 елді мекенді «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде 4 аудан орталығы жыл соңына дейін толық газдандырылады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін облыстық энергетика және тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Асылбек Шәменов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында хабарлады.
Осы орайда, облыстық бюджеттен 2015 жылға 356,7 млн теңге қаржы бөлініп, бірнеше елдімекенге ортақ АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан газ құбыры-бұрпының құрылысының және Жақсықылыш кентін газдандыру бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. А.Шәменовтың айтуынша, облыс орталығының 92 пайызы тілеспе газбен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда Арал ауданы, Айтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері және Байқоңыр қаласы бойынша газдандыру жұмыстары қарқынды. Сондай-ақ Қарауылтөбе мен Белкөл елдімекендерін газдандыру бойынша жобасы жасалып, үкіметте қаралуда.
Өз кезегінде «Қазтрансгаз» АҚ-ның Қызылорда бойынша филиалы директорының орынбасары Қайнар Нұрлыбаев аймақтың қазіргі газдандыру жағдайын мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі күннің өзінде 2500 тұрғын газ орнатуға арыз берген. АҚ мен «Хоум кредит», «Каспий банк», «Еуразия банкі» арасында келісім-шарт жасалып, тұтынушыларға қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, «Қазтрансгаз» тарапынан 45 пайыздық жеңілдіктер де қарастырылған.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА