ЖАҢАҚОРҒАНДА МЫҢНАН АСА БАС МАЛ ШЫҒЫНҒА ҰШЫРАҒАН
Жаңақорған ауданында уақ малдың жаппай қырылу себебі «пастереллез» бен «анаэробты энтерооксемиядан» болған деп отыр «Республикалық ветеринарлық зертхана» Қызылорда облыстық филиалы мамандары. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстық ветеринарлық бақылау басқарма басшысы Ерсултан Апетов.
Осыған байланысты Жаңақорған кенті мен Бесарық ауылдық округіне шектеу қойылып, барлығы 8350 бас мал әне қора-қопсылары залалсыздандырылған. Е.Апетовтың айтуынша, республикалық бюджеттен арнайы қаржы қаралып, оған жұқпалы анаэробты энтерооксемияға қарсы 103 740 доза, пастереллез ауруына қарсы 103 762 доза вакцина сатып алынып, тегін таратылуда. Қора-қопсыларды залалсыздандыруға 355 литр Глак ветпрепараты жеткізілді. Сауықтыру жұмыстарына 8 эпизоотиялық жұмыс тобы, 41 дәрігер жұмылдырылды.
«Жалпы аудан бойынша 26 мыңнан аса уақ мал болса, оның 85 пайызын 3-6 айлық қозылар құрайды. Ауруға шалдыққан малдардың дені осы жас малдар. Осы орайда арнайы штаб құрылып, таңғы сағат 9-дан түнгі 24-00-ге дейін мал басы шығыны тіркеліп отыр. Алдын ала есептер бойынша ауру ошақтары боп саналатын Ынтымақ, Көбелдес, Ақсеңгір, Туртан-ата, Бесарық шаруа қожалықтарында және жеке тұрғындарда барлығы 1123 бас шығынға ұшыраған. Бүгінгі таңда ауру малдардың саны 594 бас, олар оқшауланған. 651 бас уақ мал сауықтырылып отарға қайта қосылды, - дейді облыстың бас ветеринары.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА