ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 16 500-ДЕН АСА БАЛА АЛҒАШҚЫ РЕТ МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙДЫ
Қызылорда облысы бойынша жаңа оқу жылында 16 500-ден аса бала алғашқы рет мектеп табалдырығын аттап өтпек. Оның ішінде 10 564 бала толық емес отбасында, қолайсыз отбасыларды 472, көпбалалы отбасында 20 802, тұрмысы төмен отбасыларда 15 065 мектеп жасындағы балалар тәрбиеленуде. Бұл туралы бүгін облыстық білім басқарма басшысы Бақытжан Сайлыбаев «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында хабарлады.
Облыста 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған «Мектепке жол» республикалық акциясы ағымдағы жылы «Балаға мейірім сыйла» ұранымен өтпек. Б.Сайлыбаевтың айтуынша, ең әуелі «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалады. Сондай-ақ облыстық ішкі істер департаментімен біріге отырып «қауіпті топ» балаларын анықтау мақсатында рейдтік шаралар қолға алынды.
«Былтыр аталмыш акция барысында облыс аумағында 24 мың балаға 120 млн. теңгенің көлеміндегі көмек көрсетіліп, 774 рейдтік іс-шаралар өткізілген болатын. Ағымдағы жы да «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру мен өткізу туралы кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлымен бекітілді. Акция барысында «Балаға мейірім сыйла!», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: балаларды мектепке дайындаймыз» атты қайырымдылық шаралары өтеді. Алыс елдімекендерде мектепке қажетті құрал-жабдықтардың жылжымалы жәрмеңкесі, сенім телефондары мен жедел байланыс желілері үздіксіз жұмыс жасайтын болады», - деді басқарма басшысы.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА