ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 4 АНА ӨЛІМІ ТІРКЕЛГЕН
Үстіміздегі жылдың 6 айында Қызылорда облысы бойынша дәрігерлердің жіберген қателігінен болған 4 ана өлімі тіркелген. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникация орталығында өткен баспасөз отырысында облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Сапар Рахменшиев мәлімдеді.
Оның 2-еуі Арал ауданында орын алса, 2 ана облыс орталығында көз жұмған. С.Рахменшиевтың айтуынша, қызмет барысында қателік жіберген дәрігерлердің ісі жергілікті штаб отырысында қаралған. Қазіргі таңда олар Денсаулық сақтау Министрлігінен аттестациядан өтіп, біліктіліктерін сараламақ. Сынақтан өте алмай қалған жағдайда қызметінен босатылатын болады.
«Жалпы айтар болсақ, Республика бойынша бала әйелдердің денсаулығы көрсеткіші 32 пайыз болса, біздің облыста ол көрсеткіш 14 пайызды құрайды. Облыс бойынша 200-ден аса ана денсаулығына байланысты қауіпті топта деп танылып, арнайы есепке алынды. Осыған байланысты кешенді іс-шаралар жоспары жасақталды. Өңірге еліміздің ЮНИСЕФ-тегі өкілдері арнайы ат басын тіреп, мамыр айынан бастап дәрігерлерге дәріс оқуда. Сондай-ақ, Молдовиядан мамандар келіп, аталмыш сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған дәрістер өткізген болатын. Бұл дәрістер үстіміздегі жылдың қазан айында жалғасын таппақ», - деді облыстың бас дәрігері.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА