ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
Қызылорда жылу электр орталығы ғимаратында газ трубиналық электр станциясының №2 генераторында өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді.
Тактикалық ой бойынша ғимаратта дәнекерлеу жұмыстары барысында шартты өрт оқиғасы орын алды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Мемлекеттік тіл және ақпарат тобынан хабарлады.
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мен ЖЭСО (ТЭЦ) нысандық мемлекеттік емес өртке қарсы қызметкерлері арасында өзара бірлескен жұмысты қалыптастыру, жеке құрамның қандай жағдайларға болмасын кәсіби дайындықтарын шыңдай түсу, күштер мен құралдарды анықтау, өртті өшіруге берілген тапсырмаларын орындаудағы шеберліктерін дамыту мақсатында өткен жаттығуға 7 негізгі өрт сөндіру автокөлігі, 2 арнайы, 1 штабтық автокөлігімен 51 қызметкер қатыстырылды.
Өзара әрекет ету нұсқаулығына сәйкес жаттығуға «Апаттық медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша филиалы, Қызылорда қаласы «Оңтүстік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы Ішкі істер басқармасы, және «ҚазТрансГазаймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы қызметкерлері тартылды.

Комментарии 1