“АСТАНА ЭКСПО-2017″ КӨРМЕСІНЕ 2 МЛН-НАН АСТАМ АДАМ КЕЛЕДІ
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Астанаға екі миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» кеңесшісі Роза Асанбаеваға сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
Ұлттық компания өкілінің сөзіне қарағанда, Инвестициялар және даму министрлігінің зерттеулері бойынша халықаралық көрмені тамашалауға шамамен 2,1 млн адам келетіні болжанып отыр. Оның ішінде 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында өтетін шараға шамамен 300 мыңға жуық шетелдік туристер қатысатыны да күтіледі.
«Ұлттық компанияның зерттеуі бойынша қызмет көрсететін қонақ үйлердің жалпы бөлмелер қоры 6,3 мыңға тең келеді. Соған орай, 2017 жылға қарай қосымша тағы 73 қонақ үй салынады», – деді ҰК өкілі.
Айта кетерлігі, халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, ЭКСПО секілді халықаралық көрмелер өткізу туризм саласын ғана емес, сонымен бірге экономиканың басқа да салаларын дамытуға қозғау салады.
Статистикаға сәйкес 1 турист өзі келген ел аумағында 1,5 мың долларға жуық қаржыны жұмсап, шамамен 6-12 адамды жұмыспен қамтамасыз ететіндей әсер береді.