АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІ ҚҰРЫЛМАҚ
Өткен жылдан бастап «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен» (ОЭСР) біздің облыста ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту жөнінде іскерлік қарым-қатынас жасалып, ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы майда сүт өндірістерін біріктіре отырып сүт өнімдерін өндіру басты назарға алынып отыр. Осы мақсатында салаға стратегиялық инвесторларды тарту мүмкіндіктерін жасау көзделетін болады. Бұл туралы кеше «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамын» жүзеге асырудағы ауыл шаруашылығына жүктелген міндеттер мен атқарылған жұмыстар тақырыбына арналған брифинг барысында облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысы Бахыт Жақанов хабарлады.
Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін майда шаруа қожалықтар мен жеке секторлар маңызға ие болғанымен, нарық жағдайында ірі ауылшаруашылығы кәсіпорындармен бәсекелесуге және толығымен өздерінің өндірістік әлеуетін ашуға, өнімдерін өткізуде кедергілерге тап болуда. Осыған сәйкес жыл соңына дейін «Ауыл шаруашылығы кооперациясы» және «Органикалық өнімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануы көзделуде.
«Сүт өңдеуші кәсіпорындардың ішіндегі орта буындағы «Рза» АҚ-ы 2010 жылы 660 бас асыл тұқымды МІҚ малын алып, 2011 жылы сүтті ультрапастеризациялау кәсіпорнын іске қосты. Сүт өңдеу кәсіпорнының жылдық қуаттылығы 10,8 мың тонна. 2012 жылы сүт зауытында барлығы 3,9 мың тонна сүт өңделіп, жүктелуі 36,3 пайызды құраса, бүгінгі күні жүктелуі 40 пайызға жеткізілді. Осыған сәйкес жақын аудандар мен елді мекендер жеке шаруа қожалықтарында дайындау пункттерін құру арқылы сүт өнімдерін өндіруді «РЗА» АҚ толық қуаттылығында қамтамасыз ету қолға алу жолдары қаралуда», - дейді Б.Жақанов