АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ ҒАРЫШТА АРАЛ МЕН КАСПИЙ ТЕҢІЗДЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕЙДІ
Бұл жөнінде кеше Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында айтылды. Сондай-ақ Айдын Айымбетов ғарышқа ет, айран және ірімшік алып кетеді. Ұлттық салауатты тамақтану орталығы осындай тәжірибе ұсынып отыр. Бұл жаңалық арнайы мамандар тарапынан қолдау тауып, ғарышкердің сапарға алып кететін заттар тізіміне қосылған.
Бұдан бөлек, Айымбетов ғарыш станциясы бортында бірнеше физикалық және ғарыштық тәжірибелер жүргізеді. Әсіресе Арал мен Каспий теңіздерінің жағдайын зерттейді. Сонымен қатар жерлесіміздің міндетіне ғарыштағы гамма-сәулелердің адам ағзасына әсерін зерттеу де кіреді. 2 қыркүйекте Айдын Айымбетов «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшады. Ол ғарыш станциясының бортында 10 тәулік болады.